
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1499 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Ащысу су қоймасының оң жағалауында, оңтүстіктегі кішігірім төбе басында, триангуляциялық белгіден оңтүстік-шығысқа қарай 2 км, су қоймасының қарама-қарсы жағындағы балықшылар қонысынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, қаза тапқан балықшылардың екі ескерткішінен солтүстік-батысқа қарай 80 м, қарсы жағалаудағы электр желісінен оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан.
1 құрылыс – тас қорған, диаметрі 7 м, биіктігі 0,4 м.
2 құрылыс – тас қорған, диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.
3 құрылыс – тас қорған, диаметрі 5 м, биіктігі 0,3 м.
4 құрылыс – тікбұрышты пішінді тас қалама, көлемі 4х3 м, солтүстік батыс- оңтүстік-шығысқа бағытталған.
5 құрылыс – тіктөртбұрышты пішінді тас қалама, көлемі 4х4 м, солтүстік батыс-оңтүстік-шығысқа бағытталған.
6 құрылыс – тіктөртбұрышты пішінді тас қалама, көлемі 4х4 м, солтүстік батыс-оңтүстік-шығысқа бағытталған. Барлық қаламалар жоғарғы қабаттан 0,1-0,15 м шығыңқы орналасқан.
Ташық 2 қорымын 2007 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.