
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 500 – 1000
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Жақсықон өзенінің оң жағалауынан оңтүстік-шығысына қарай 0,5 км, Талдысай ауылынан оңтүстік-батысына қарай 7 км, Мұса қыстағынан солтүстік-шығысына қарай 1,5 км, Шұбаркөл – Талдысай тас жолынан солтүстік-шығысына қарай 90 м жерде, шоқының төбесінде орналасқан. Қорым тас үйіндісі бар 2 қорғаннан тұрады. Қорған 1 биіктігі 0,3 м және диаметрі 11 м тас-топырақ үйіндісі бар. Төбесінде оба орнатылған. Қорған 2 биіктігі 0,2 м және диаметрі 7 м тас үйіндісінен тұрады.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.