
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Алтынсу өзенінің сол жағалауында, Нұра өзенінің сол жақ сағасында, өзен ағысынан 250 м жерде. Шешенқара селосының айдалған жерінде орналасқан. Қорым жыртылған.
Үш қорған сақталып қалған. 1 қорған азғана тас араласқан топырақты болып келген. Оның диаметрі – 7 м, биіктігі 0,2 м. 2 және 3 қорғандар ішінара жырту кезінде бүлінушілікке ұшыраған. Олардың орнында аморфты тастар жинақталып қалған.
Сымбыл қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.