Сұңқар қорымы

Сұңқар қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Жаңаталап селосынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде, Өзексұңқар өзенінің сол жағалауында, Нұра өзенінің соң жақ сағасында орналасқан. Меридиональды бағытқа қарай созылған үш тас қорғаннан тұрады. Бұл топтың ішінде солтүстік жақтағы қорған ең ірісі болып келеді, оның диаметрі – 8 м, биіктігі 0,8 м. Қалған екі қорғанның диаметрі 6 м дейін, биіктігі 0,3 м жетеді.

Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу