
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Шатан қыстауынан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 6 км, Қосшоқы (Рыбинское) селосынан солтүстік-шығысқа қарай 6,5 км, Аққора өзенінің сол жағалауында, Нұра бассейнінің Ащысу өзенінің сол сағасында, өзеннен 300 м жердегі алқаптан жоғарырақ орналасқан. 7 қорғаннан және қорғанды үйінділі сопақша қоршаулардан тұрады. Қорымның бір бөлігі жыртылған, жекелеген гранитті плиталар көрші алаңдағы қорымның солтүстігінен көзге шалынады.
2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.