
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1499 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Қорым Төрткөл селосынан 19 км батыс-солтүстік-батысқа қарай, Шат с. Үйіндісінен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде, Шат өзенінің оң жағалауында пайда болған қыратты мүйісте, оның құрғап қалған сағасында орналасқан. 1 құрылыс – тас қоршауы жалпақтап қаланған плиталардан тұрады және жан-жаққа қаратылып орналастырылған. Қоршаудың ішінде солтүстік-оңтүстікке қаратылған, көлемі 3х4 м тас жәшік бар. Жерлеу дәстүріндегі жәшіктің тігінен қаланған плиталары жоғарғы қабаттан 0,7 м дейін шығып тұрады, плиталардың ұзындығы 1,5 м, ені 0,3 м дейңін жетеді. Жәшіктің оң жақ қабырғасына плиталар қаланбаған. Жәшіктің ішкі жағы бір тігінен түскен плитамен екі кішілі-үлкенді бөлікке бөлінген. 2 құрылыс – бұзылып қалған, бұл қоршаулар қалдығы да болуы мүмкін. Оң жақ қабырғасының плиталары тігінен орналасқан, биіктігі – 0,25 м дейін. Батыс жақ қабырғасы көрінбейді. Басқа плиталары шашылып жатыр. 4 құрылыс – тас араласқан топырақты қорған. Диаметрі шамамен 8 м, биіктігі – 0,6 м. Қорғаннан батысырақ көлемі 6,5х5 м, шамамен тереңдігі 0,5 м кішігірім үңгіме көзге шалынады. 5 құрылыс – бетімен жатқан плиталардан құралған тікбұрышты пішінді тас қоршау. Қоршаудың көлемі – 4х3 м. Ұзынша қоршаулар оңтүстік батыс-солтүстік-шығысқа қараған. Қоршау плиталарының биіктігі жоғарғы қабаттан – 0,05-0,1 м шығып жатыр. Қоршаудың ішінде көлемі 1,3х0,5 м, тиісінше қоршау қабырғаларына қараған тас жәшік көрінеді. Қоршаудың оңтүстік-батыс қабырғасы жоқ. 6 құрылыс – пішіні өзгеріске ұшыраған, оңтүстік батыс-солтүстік-шығысқа қараған тас жәшік. Көлемі анықталмаған. Шат қорымының 1 құрылысы құрылымы бойынша бегазы-дәндібай мәдениетінің кейбір кесенелеріне ұқсас болып келеді. Бұл топқа мәдениеттері бойынша 2,3,5 және 6 құрылыстар кіреді. 4 құрылыстың сыртқы түрі бойынша ежелгі қазақ бейіттеріне жатқызылады және кейінгі ортағасырға келіңкірейді, өйткені осы қабірді қалау үшін қазылған үңгімелер де көзге түседі.
Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.