
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Төрткөл селосынан солтүстік- солтүстік батысқа қарай 16 км, Шат с.
Үйінділерінен оңтүстік шығысқа қарай 1 км жерде. Қорым Шат өзенінің оң жақ байырғы жағалауында, биік байырғы жағалауы арнасынан шығысқа қарай 100 м жерде орналасқан. Жоғарғы жағында көзге түсетін 9 құрылыстан тұрады.
1-3-9 құрылыс – диаметрі 4-6 м болып келетін дөңгелек пішінді тас қоршаулар. Қоршаулардың плиталары жалпақ жағымен жатқызылған және (немесе) тігінен орналастырылған. 4-8 құрылыс – диаметрі 6-дан 9 м дейін, биіктігі 0,2-0,04 м тас- топырақты қорғандар.
Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.