
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Төрткөл селосынан солтүстікке қарай 10 км жерде. Сыртқысу өзенінің оң жағалауында орналасқан, оның сол жақ сағасының қарсысында – Алшымбай өзені. Сыртқысу өзенінің тегіс, жақсылап шым төселген тіке бұрылыстарында дөңгелек пішінді 34 тас қоршау мен 2 топырақты қорған көзге түседі. Қоршаулар өте жіңішке (3-5 см) құм плитасынан құрастырылған. Қоршаудың биіктігінің үстіңгі қабаты 0,1-0,2 м дейін, диаметрі – 4-тен 7 м дейін барады. Қоршау түріндегі қорым қола дәуірінің андронов мәдениетіне жатады.
Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.