Шәймерден 2 қорымы

Шәймерден 2 қорымы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Шәймерден қыстағынан солтүстік-шығысына қарай 1,5 км, Әубәкір қыстағынан оңтүстік-шығысына 2 км жердегі Керей өзенінің сол жағалауының аңғарында орналасқан. Қорым қорғаннан және оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа дейін ретсіз орналасқан 14 қоршаудан тұрады. Қорғанда диаметрі 12 м, биіктігі 1 м тас – топырақ үйіндісінен тұрады. Қоршаулар пішіні жағынан шеңбер түрінде бүйіріне жатқызылған плиталардан құрастырылған. Диаметрі 5-9 м аралығында жатыр, биіктігі 0,3 м дейін. 1, 2, 3, 5 қоршаулар плиталардан құрастырылған тіктөртбұрышты тас жәшіктер анықталды, кейінгі тонаушылықтың іздері байқалады.

Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу