Съезтөбе қорымы

Съезтөбе қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 1700
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Съезтөбе қорымы Нұра өзенінің оң жағалауынан шығысқа қарай 350 метр, Ащысу станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км, басында геодезиялық белгісі бар төбеде орналасқан.

Қорым тас үйінділі екі қорғаннан және сопақша пішінді он бес тас қаламадан тұрады.

№1 қорғанның диаметрі 25 м, биіктігі 1,5 м. Қорғанның ортасында дөңгелек шұңғылша орналасқан.

№2 қорғанның диаметрі 8 м, биіктігі 0,5 м.

Тас қаламалардың көлемі 1х2 м, биіктігі 0,2-0,3 м. Бұл кейінгі ортағасырлық жерлеу орны болуы тиіс.

№1 және №2 қорғандар сыртқы түрлері бойынша ерте темір ғасыры дәуіріне, сопақша қаламалар кейінгі орта ғасыр дәуіріне жатады.

Съезтөбе қорымын 1984 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ қызметкерлері ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу