Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Евдокимов Валерий Валентинович
Сипаттама
Қорым Садовое а. оңтүстік-шығысқа қарай, Кенетай өзенінің оң жағалауында ,мұнай базасынан оңтүстік-шығысқа 1,5 км жерде орналасқан.
Қорғаннан және қоршаудан тұрады.
Қорған 1 – тастан үйілген, диаметрі 2,5 м, ені 1,5 м. Қорғанның биіктігі 0,2 м.
Қоршаулар қырынан қазылып көмілген тастардан салынған. Қоршаудың диаметрі 6 м; тастарының биіктігі 0,1-0,15 м.
Ескерткішті 1978 жылы В.В.Евдокимовтің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.