Ростовка 2 қонысы

Ростовка 2 қонысы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1500 – 1700
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қоныс
Түрі
Археология ескерткіштері, Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Сипаттама

Нұра өзенінің оң жағалауында, Ростовка 1 қонысынан шығатын су ағысынан жоғарырақ 200 м, Ростовка селосынан шығысқа қарай 1,4 км, Қарағанды-Киевка автожолынан және ЖЭС-нан оңтүстік-шығысқа қарай 2,2 км, жалғыз тұрған бейіттен оңтүстікке қарай 1,3 км, Тегісжол селосынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км жерде, өзен ағысынан 70 м жерде орналасқан. Аласа алқапты алаңда бес құрылыс үйінділері мен жекелеген шұңқырлар табылған. Тас және саман қабырғаларының іргетастарының қалдықтары сақталып қалған.

Ростовка 2 қонысын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан. (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу