
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 1700
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Теректі өзенінің оң жағалауынан шығысқа қарай 1 км, Нұра өзенінің сол жақ сағасында, электр желісінен солтүстікке қарай 1,5 км жерде, жазық төбе басында орналасқан. Диаметрі 7 м дейін, биіктігі 0,3 м үш тас қорғаннан және көлемі 2х3 м - ден 3х5 м дейін, биіктігі 0,4 м дейін сопақша тас қаламалардан тұрады. Қорғандар болжаммен ерте темір ғасырына, тас қаламалар – кейінгі ортағасырға жатқызылады.
Ескерткішті 2009 жылы САИ барлау тобы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.