
Ақпарат
- Орналасуы
- Қостанай облысы, Арқалық қаласы
- Кезеңі
- 1750 – 1800
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Монументтік өнер құрылыстары
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
ХІХ ғ. екінші жартысы. Ескерткіш Екідің ауылының солтүстік шетінде, мұсылман зираты аумағында орналасқан (Қостанай облысы, Арқалық ауданы).
Аңыз бойынша ақылына көркі сай шешен де дана қыздың қабірі басына салынған кесене. Қыздың бірде бір-бірімен жауласқан екі рудың арасындағы соғысты тоқтатып, екі жақты татуластырғаны жайлы да айтылады. Оның есімі Бәтима екен. Бай да атақты бидің ұлы құда түскенде Бәтима кенеттен қайтыс болады. Қалыптасқан салт бойынша әкесі Бәтиманың орнына кіші қызын күйеуге бермек болады. Кіші қызы әпкесінің қабірінің басына тамаша кесене тұрғызып, оны жерлеу рәсіміне барлық жұртты (тіпті жауларын да) шақыруды өтінеді. Уақыты келіп қайтыс болғанда өзін де сол кесенеге жерлеуді өсиет еткен деседі.
Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кесененің құрылымы порталды-күмбезді пішінде. Негізі бойынша көлемі – 6,5х6,5 м, қабырғаларының биіктігі – 4,5 м, күмбезінің биіктігі – 2 м, диаметрі – 4 м. Қасбеті мен оның екі қапталындағы қабырғалары үш жағынан жолақтанып шаршы пішіндегі тақталармен безендірілген.
Үлкен де сүйкімді кесене осы күнге дейін көпшіліктің назарын еріксіз аударатын ескерткіш. Оның салыну тарихы жайлы аңыз халықтың жадында мәңгі сақталған.
Жергілікті маңызы бар сәулет және тарих ескерткіші.
Ғибадат ету және діни туризм нысаны.
Деректер
Широв В. В Костанайской области сохранены мавзолеи XIX века // URL: https://bnews.kz/ru/news/ spetsproekti/550_let_kazahskomu_hanstvu/v_kostanaiskoi_ oblasti_sohraneni_mavzolei_xix_veka_foto
Материалы официального сайта Костанайского областного историко-краеведческого музея // URL: http:// kraeved-kst.kz/ru.html