Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 700 – 1399
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Садовое с. солтүстік-шығысында 6,6 км, Киевка-Осакаров автожолынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км, Құндызды өзенінен батысқа қарай 0,3 км тегіс алаңда орналасқан. Қорым 7 құрылыстан тұрады.
1 құрылыс. Қоршау, саз-балшықты, төртбұрыш пішінді, көлемі 9 х 8м, биіктігі 0,4 м.
2 құрылыс. Қоршау, саз-балшықты, төртбұрыш пішінді, көлемі 7 х 5м, биіктігі 0,3 м.
3 құрылыс. Қоршау, саз-балшықты, төртбұрыш пішінді, көлемі 4 х 3м, биіктігі 0,2 м.
4 құрылыс. Қоршау, саз-балшықты, төртбұрыш пішінді, көлемі 6 х 5м, биіктігі 0,3 м.
5 құрылыс. Қорған, тасты-топырақты, диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.
6 құрылыс. Қорған , тасты-топырақты, диаметрі 4 м, биіктігі 0,3 м.
7 құрылыс. Қоршау, диаметрі 5 м, ірі өңделмеген тастардан қаланған.
2007 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.