
Ақпарат
- Орналасуы
- Жамбыл облысы, Қордай ауданы
- Кезеңі
- 4000 б.з.д. – 0
- Түрі
- Петроглиф
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Железняков Борис Анатольевич
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
Ерте қола дәуірінен қазіргі заманға дейінгі суреттерді қамтиды. Археологиялық кешен Құлжабасы жотасының ландшафтында, оның тіктеу келген оңтүстік баурайында (Қопа өзенінің аңғарына түскен жағында) орналасқан (Жамбыл облысы, Қордай ауданы). Шу-Іле (Айтау) тауының оңтүстік жағын жиектей өтеді, бұл жердің су көздері мол. Алматы облысымен шекаралас жерде, Отар стансасынан 10–40 км батыста созылып жатыр. Құлжабасыдан жалпы 26 шатқал, ал Костөбеден 6 шатқал зерттелген. Құлжабасы Аңырақай және Қордай теміржол бекеттеріне шектесіп, Қостөбе жотасымен жалғасып барлығы 29 км ұзындықты құраған ладшафт болғанымен, әлі зерттелмеген 16 км жер «Гвардейский» полигоны аумағында жатыр. Құлжабасы ландшафтының ені 3–3,5 км, оның өзіндік заңдылықта орналасқан ескерткіштері бар: таулы бөлігіндегі петроглифтер мен бұлақ маңындағы қоныстар, шатқалдың аузындағы (қола дәуірі), сонымен бірге су айрықтағы (ерте темір ғасыры), таудың жоғарғы жағындағы қорымдар.
Кешенді алғаш 1950 ж. аяғында П.И. Мариковский ашқан. 2000 ж. Р. Сала мен Ж.-М. Деом қайта ашқаннан бері зерттелініп келеді.
Бұл – әртүрлі уақыттарға жататын өте көп қоныстар, баспаналар, жерлеу орындары мен сиыну орындары, түрлі мақсатта қолданылған тас қаландылардан тұратын және петроглифті- археологиялық кешеннің алып жатқан аумағы жағынан Қазақстандағы ең ірі ескерткіш. Бірақ петроглифтердің саны бойынша ең үлкені емес. Суреттер жиынтығының мәні жағынан емес, саны бойынша Ешкіөлместен кейін тұрады. Петроглифтердің саны жағынан басым бөлігі қола дәуіріне жатады. Олардың арасынан бұқалардың бейнесі, оның ішінде тұлғалы күн символикасы, «күн бастылар», адоранттар, арбалар, аң аулау көріністері, соның ішінде салттық (бетпердедегі) және құрбандық шалу суреттерін атап өтуге болады. Сонымен қатар көп мәнерлі композициялар түскен ірі жартас беті, мысалы, әр түрлі көлемдегі 30-дан астам бұқалардың суреті, «көктегі табын» суретінің басқа түрлері, сонымен бірге әртүрлі уақыттарға жататын «әлем көріністері» ерекше көзге түседі. Бірнеше шатқалдардағы петроглифтердің арасынан ерте уақытқа жататындарын көруге болады. Олар: торлардың суреті, әр түрлі белгілер немесе таңбалар, оның ішінде гантельге ұқсайтындары да бар. Сақ кезеңінің петроглифтері бірегей болып келеді: тік тұтқалары бар қазанның жанында «босану», бес қаруын асынған екі сайыпқыран (рыцарь), ерте сақ уақытына жататын бұғылар бейнесі және т.б. Түркі дәуірінің петроглифтері бірегей болып келумен бірге салыстырмалы түрде көп: ту ұстаған ат үстіндегі адамның бейнесі, жауынгердің айқасы, аңшылық және басқа да көріністер, екі руна жазуы мен көптеген таңбалар кездеседі.
Мұнда ескерткіштердің алуан түрлілігі таңғалдырады: жылға жанындағы неолиттік құралдар, жүздеген үлкенді-кішілі петроглифтердің шоғырлары, қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі қоныстар мен қорымдар, ауыл шаруашылығына арналған гидротехникалық құрылыстар. Түріктердің бірегей эпиграфиялық ескерткіштері мен жартас беттеріне қашап салынған меншікті таңбалары, 1920 ж.ж. дейін қолданылған араб графикасындағы жазулар және соңғы 300–400 жылдағы қазақтардың жерлеу және құрбандық шалу орындары да осы жерлерден кездеседі. Шатқалға кіреберістегі қоныстардың маңында ботпай және сиқым руының таңбалары жартас беттеріне қашалып салынған. Көп ұзамай ХХ ғ. ортасы мен екінші жартысындағы кейбір өнер туындылары да (?) ескерткіш мәртебесін алуы мүмкін.
Түрлі уақыттарға жататын петроглифтердің біртұтас аймаққа шоғырлануы оны осыған ұқсас жүздеген мәдени ландшафтардан ерекшелейді және маңызын арттырады. Құлжабасы петроглифтерінің сақталуы да ерекше. Құлжабасы мен Қостөбенің зерттеу жұмыстары жүргізілген бөлігінде 2461 жартас бетіндегі 14851 петроглифтер есепке (Р. Сала мен Ж.-М. Деомның есептеуі бойынша) алынған. Алайда жартас суреттерінің барлығы бірдей есептелмеген, өйткені көптеген ондаған және жүздеген суреттер белгілі бір көлбеумен сәуле түскен кезде ғана байқалады.
Құлжабасы мен Шу-Іле тауларындағы петроглифтердің үлкен топтары – құжаттандыруды, зерттеуді, қорғауды қажет ететін мұралар. Құлжабасы (Жамбыл облысы) мен Аққайнар (Алматы облыстық) кешендерінің құрамдас бөлігін «Отар» әскери аймағының бөліп жатуы қиындық тудырады. Сонымен қатар бұл жерде жеке меншік иеліктері де бар. Осындай қиындықтарға қарамастан Құлжабасы кешенін Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсыныс мақсатында кешенді жұмыстар атқару жоспарлануда. Адамзат қоғамы дамуының түрлі кезеңдерін қамтитын археологиялық нысандарды тамаша табиғи ландшафт біріктірген Құлжабасы кешені ерекше бірегей ескерткіш.
Құлжабасыда ежелгі дәуір мен орта ғасырларда мекен еткен тұрғындардың тұрмыс тіршілігін осы жартас өнері біртұтас кешенге байланыстырып, біріктіріп жатыр. Олардың сақталуы да бірегей. Жартасқа қашалып салынған қандай да бір бейненің қасиетті мағынасы ежелгі дүниетанымдық тұрғыдан ерекше деп айтуға болады. Рухани мәдениет тұрғысынан аса маңызды көріністер, таңбалар мен бейнелер әрбір нақты жағдайға байланысты қашалып салынған. Олар игерусіз қалған табиғи ландшафтысы әрі қоғам игерген киелі ландшафтысы болуымен ерекшеленеді.
Жекелеген шатқалдардың көрінісі өте тамаша, қазіргі кезде суы тартылып қалған жылғалардың жағасындағы көптеген қоныстар мен жерлеу орындары бұл жердің бір заманда қайнаған тіршіліктің ортасы болғанын білдіреді. Керісінше кейбір үлкен шоқылардың жартастарында ешқандай да петроглифтердің кездеспеуін тау жынысының қаттылығымен түсіндіруге болады. Дегенмен кеңістіктің ажырамас киелілігі мәдени ландшафттың сыртқы көрінісінен туындаған, оны мегалиттер – үлкен қойтастар қоршап жатыр, олар да әлде бір киелі күшті беріп тұрған сияқты. Олай болса, Құлжабасының жекелеген шатқалдарын мысалға ала отырып, әр түрлі дәуірдің киелі табиғатын және оның сырттай рәсімделуін терең түсінуге болады.
Құлжабасыда айтарлықтай көлемде «күн бастылар» (7) бейнесі бар, олар – Орталық Азиядағы барлық осы сияқты бейнелердің генезисін анықтау үшін аса құнды. «Аяққа», тұғырға орнатылған антропоморфты дискілердің айтарлықтай саны, сонымен бірге қола айна жеке түрде де, адамның қолында да кездеседі. Мұндағы диск қола дәуіріндегікүн культі рәсіміне қолданылған бұйым ретінде түсіндірілуі мүмкін. Жартастарда көрініс тапқан мұндай бейнелер «күн бастылар» иконографиялық бейне қалыптасуының алдыңғы сатысы болуы ықтимал. Құлжабасыны өзінің саны мен бейнелерінің әр түрлілігі бойынша аймақтағы қандай да болса басқа ескерткіштермен салыстыру қиын. Сондықтан да Құлжабасы – Жетісу жеріндегі бейнелеу өнерінің маңызды ескерткіші, әрі «күн басты» бейнелердің осы жерде қалыптасуы жағынан алып қарағанда да киелі орын болғандығы сөзсіз.
Ескерткіш мемлекет қорғауында. Туризм нысаны.
Деректер
Байпаков К.М., Марьяшев А.Н. Петроглифы в горах Кульжабасы. – Алматы, 2004. – 22 с., ил. 86.
Базылхан Н., Железняков Б.А., Херманн Л., Жамбулатов К. Новые находки арабографичных надписей в горах Кулжабасы // Известия МОН РК. Сер. обществ. наук. – 2013. – № 3 (289). – С. 151–155.
Железняков Б.А. К дефиниции понятия культурный ландшафт (применительно к памятникам наскального искусства Жетысу) // Труды КазНИИ культуры: сб. матер. Междунар. научн.-практич. семинар. – Алматы, 2013. – Т. 2: Культурный ландшафт как объект наследия. – С. 18–24.
Железняков Б.А, Базылхан Н., Херманн Л. Новый памятник древнетюркской письменности в горах Кулжабасы (Предварительное чтение) // Известия МОН РК. Сер. обществ. наук. – 2013. – № 3 (289). – С. 147– 151.
Железняков Б.А., Херманн Л. Древнетюркская письменность Кулжабасы // Традиционная и современная этнология Казахстана: матер. Междунар. Научно-методич. конф. «VIII Оразбаевские чтения»– Алматы, 2014. – С. 132–138.
Мариковский П.И. Наскальные рисунки гор Кульджабасы // Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. ТИИАЭ АН КазССР. – 1961. – Т. 12. – С. 78–86.
Марьяшев А.Н., Железняков Б.А. Древности Кулжабасы. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2014. – 152 с. Рогожинский А.Е. Памятники наскального искусства Казахстана // Наскальное искусство в Центральной Азии. Тематическое исследование. Ноябрь 2011 / Под ред. Ж. Клотте. Париж. – 385 с. – С. 207–246.
Рогожинский А.Е. Образы и реалии древнеземледельческой цивилизации Средней Азии в наскальном искусстве эпохи бронзы Южного Казахстана и Семиречья // Наскальное искусство в современном обществе. К 290-летию научного открытия Томской писаницы: матер. Междунар. научн. конф. – Кемерово, 2011. – Т. 2. – С. 87–99.
Рогожинский А.Е. Комплекс Кулжабасы: итоги первого десятилетия исследований (2001–2011 гг.) // Известия НАН РК. Сер. обществ. наук. – 2012. – № 3(283). – С. 35–53.
Рогожинский А.Е., Аубекеров Б.Ж., Сала Р. Памятники Казахстана // Памятники наскального искусства Центральной Азии. Общественное участие, менеджмент, консервация, документация. – Алматы, 2004. – С. 45–94. Сала Р., Деом Ж.-М. Наскальные изображения Южного Казахстана. – Алматы: «Лаборатория Геоархеологии», 2005. – 150 с.
Сала Р., Деом Ж.-М. Семиологические методы изучения наскального искусства // Наскальное искусство в современном обществе. К 290-летию научного открытия Томской писаницы: матер. Междунар. научн. конф. – Кемерово, 2011. – Т. 2. – С. 109–129.
Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы: Өнер, 2006. – 199 с. Самашев З., Чжан С., Боковенко Н., Мургабаев С. Наскальное искусство Казахстана. – Сеул, 2011. – 464 с.
Hermann L., Zheleznyakov B. The Petroglyphs of Kulzhabasy in Kazakhstan. Osnabrück, Deutschland/E-book. 2012. – 72 p.
Sala R, Deom J.-M. Spatial analysis of the Kuljabasy Arhaeological Complex // Древности Жетысу. Памятники археологии Жамбылского района. – Алматы: «Заповедник-музей «Танбалы», 2016. – С. 73–87.
Hermann L., Zheleznyakov B., Maryashev A.N. New discoveries at Kulzhabasy in Kazakhstan (Otar, Djambul Oblys) // INORA. – 2013. – № 65. – P. 1–6.