Қойбағар петроглифтері

Қойбағар петроглифтері

Түркістан облысы, Созақ ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Созақ ауданы
Кезеңі
3300 б.з.д. – 1900
Түрі
Петроглиф
Түрі
Археология ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Қола дәуірі, ерте темір ғасыры, орта ғасырға жататын петроглифтер мен XVIII–XІX ғ.ғ. қазақ суреттері Сызған ауылының оңтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан (Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы). Суреттерді 1972 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының Қаратау отряды (жетекшісі М.Қ. Қадырбаев, қызметкер А.Н. Марьяшев) ашып, зерттеген.

Қойбағар петроглифтері маңызды жаңалық қатарына жатады. Петроглифтердің алғашқы кезеңделуі мен хронологиясы Қойбағар материалдарын есепке ала отырып жасалынған. Арпаөзен сияқты бұл да – Қазақстандағы өткен кезеңдер жайлы құнды ақпараттан құралған ең ірі петроглифтер шоғырының бірі. Петроглифтер қола дәуірі тайпаларының дүниетанымын бейнелейді.

Петроглифтер тау жотасының негізгі бағытына перпендикуляр шатқал бойымен созылған баурайындағы үш шоқыда орналасқан қойтастарға салынған. Бұл шоқылар жазық келген. Петроглифтердің саны жағынан көбі Қойбағар-І шоқысынан солтүстік- батысқа қарай 700 м жердегі Қойбағар-ІІІ шоқысында орналасқан. Суреттерді негізінен қола дәуірінің тайпалары салған, олардың бір бөлігі кейін жаңартылған. Ежелгі бейнелер тастың жоғарғы жағына және гранит тақтатастардың сынықтарына қашалып салынған. Петроглифтердің негізгі жиынтығы оңтүстік және оңтүстік-шығыс баурайында топтастырылған. 3000-ға жуық петроглифтер бар.

Мұнда бірнеше маңызды культтік көріністер орындалған. Бұл үлкен түйе тұлғасының айналасындағы шайқас; сызықтармен байланыса жалғасқан әр түрлі жануарлардың бейнесі бар өзіндік зоологиялық өрнектер; арбадағы түйе бейнесі. Жылқыны арбаға жегіп жатқан адам бейнесі бар көрініс бірегей болып табылады. Желісі, стилі мен техникалық тәсілі бойынша Қойбағарда әр түрлі уақыттың петроглифтері – жақын жатқан басқа шатқалдармен салыстырғанда аз. Негізінен біршама ежелгі бейнелер тобы өте кейінгі ашық және дөрекі суреттерден ерекшеленеді.

Петроглифтерден күрес идеясы мен өніп-өсу идеясы анық көрінеді, олар шайқас көріністерінде, иттердің ешкілер мен арқарларды тартқылау (жұлқылау) көріністерінде, сонымен қатар эротикалық көріністер мен күнмен байланысты рәміздерде көрініс тапқан. Қазақстанның басқа да ежелгі суреттерімен бірге олар қола дәуірінің жартас суреттер қабатын құрайды, сонымен бірге археологиялық және көркемдік құндылығын көрсетеді.

Ескерткіш туризм нысаны болып табылады.

Деректер

Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н. Петроглифы Каратау. – Алматы: Наука, 1977. – 230 с.

Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н. Петроглифы Каратау. – Алматы: Археология, 2007. – 147 с.

Марьяшев А.Н. Наскальные изображения Средней Азии, Южного Казахстана и Семиречья: автореф. дис. … докт. ист. наук. – Новосибирск: ИАЭТ СО РАН, 1995. – 35 с.

Марьяшев А.Н., Потапов С.А. Некоторые вопросы хронологии и семантики петроглифов эпохи бронзы // Современные проблемы изучения петроглифов. – Кемерово: КемГУ, 1993. – С. 133–142.

Фотогалерея

Бөлісу