Қарғалы қорымы

Қарғалы қорымы

Қарағанды облысы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Новый путь кентінен солтүстікке қарай 7 км, Аюлы тауының шығысында 5 км, Белояровка с. оңтүстікке қарай 10 км жерде төбе басында орналасқан. Қорым 2 қорғаннан тұрады.

Қорған 1. Тас-топырақтан үйілген. Диаметрі 30 м, биіктігі 4 м. Төбе басында тригопункт орнатылған және диаметрі 7 м, тереңдігі 0,5 м шұңқыр да қазылып қойылған.

Қорған 2. Тас-топырақтан үйілген. Диаметрі 12 м, биіктігі 0,4 м.

1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.

Әдебиет:

  1. Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу