
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 1099 б.з.д. – 900 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
Сипаттама
1990 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашты.
2005-2006 жылдары В.Г.Ломан мен И.А.Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ археологиялық экспедициясы Қаратоғай қорымының 11 құрылысына зерттеу жұмыстарын жүргізеді, бұл құрылыстар батыстан шығысқа қарай созылған кішігірім қыраттарда Қутұмсық с.оңтүстікке қарай 3 км, Тельман с. оңтүстік-батысында 4,5 км, Қаракөл көлінің батысына қарай 3 км жерде орналасқан. Бұлар өңделмеген тастардан айналдыра қаланған тас қоршаулар түрінде он алты визуальды белгіленген құрылыстардан тұрады. Құрылыстың көлемі: диаметрі 4-12 м, биіктігі 0,3-0,5 м.
Төбеден солтүстікке қарай 80 м жерде диаметрі 12 м, биіктігі 0,4 м ортағасырлық тас қорған көзге шалынады. Тастан үйілген. Қорғанның шығыс жағында антропоморфты белгілері бар тас мүсін де менмұндалайды.
Қабір құрылымдары негізінен дөңгелек пішінді, көлемдері біркелкі іріктелген тастардан бір-екі қабаттап қаланған қоршаулардан тұрады. Жерлеу қазылған шұңқырларда жүргізіледі. Қайтыс болған адамды басын оңтүстікке қаратып бүгілген күйінде оң қырынан жатқызады. Жерлеу құралдары әшекейлер мен өзіндік ерекшіліктері бар керамикалық ыдыстар болып келеді.
Бірде ірі қойтастардан қос қабатталып қоршалып қаланған төртбұрышты жерлеу бөлмесі бар кесене түріндегі құрылыстар кездеседі. Қаратоғай қорымында Қазақстанда тұңғыш рет кейінгі қола дәуірі үшін өте сирек кездесетін сарғара-алексеев мәдениетінің тонауға ұшырамаған жерлеу орындарына қазба жұмыстары жүргізіледі. Қорым б.з.д. XI-X ғғ. жатқызылады.
Әдебиет:
Ломан В.Г., Кукушкин И.А., Варфоломеев В.В. Археологические исследования на территории Карагандинской области в 2005 г. (Научный отчет) – Караганда, 2006. – 215 с. – Архив САИ при КарГУ им. Е.А. Букетова.
Ломан В.Г. Археологические исследования могильника Каратугай в Осакаровском районе в 2006 г. (Научный отчет). – Караганда, 2007. – 46 с. – Архив САИ при КарГУ им. Е.А. Букетова.
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.
Ломан В.Г. Каратугай — могильник финала эпохи бронзы. // Теория и практика археологических исследований. - Барнаул: Изд-во Алт. ун-та. 2019. №2 (26). - С. 131-152.