
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 12000 б.з.д. – 3000 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Аққошқар ескі бейітінен оңтүстік-батысына қарай 0,5 км, Қыпшақ көлінен оңтүстігіне қарай 20 км жерде, Қарақойын қыстағынан батыс-оңтүстік-батысына қарай 19 км, солтүстік-оңтүстігінде биік шоқылармен шектелген бұлақтың сол жағалауында біркелкі тегіс алаңда, орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде тас индустриясының бұйымдары мен қалдықтары табылды. Жәдігерлердің таралу ауданы шамамен 10000м2 құрайды.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.