Қамбар ата кешені

Қамбар ата кешені

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
Кезеңі
2005
Түрі
Кешен
Түрі
Монументтік өнер құрылыстары

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Қамбар ата қазақтың исламға дейінгі құдайларының бірі, жылқы түлігінің пірі, иесі, «жылқышы ата – Қамбар» деп қысқаша атайды. Қамбар тек жылқының жаратушысы ғана емес, көне қазақ фольклорында: «жол иесі Қамбар- ау! жер иесі Қамбар-ау! Шөл иесі Қамбар- ау! су иесі Қамбар-ау! Тілегімді оңғар-ау!» – делінеді, яғни Қамбар бүкіл әлемнің иесіндей көрінеді. Бұл жылқының арқасында қазақтың арғы ата-бабаларының жүздеген мыңдаған шақырым жол жүріп неше түрлі жер-суларды, қу медиен шөлдерді бағындырған феномені бейнеленген. Қамбар ата енді бір аңыздарда қымызды алғаш ойлап тапқан діни-ғұрыптық қиялдан туған кейіпкер есебінде көрінеді.

Адамдар қиналғанда медет, ауырғанда шипа іздеп, Қамбар-ата мешітіне түнейді, ағашына ақтық байлайды, ауру болған малды үш рет айналдырып жүргізеді. Жергілікті халық арасына тараған аңыз бойынша ағаш үйірдің айғырын байлайтын бағана болған екен, бір кезде үлкен тасқын болып, байдың жылқыларын су ағызып алып кетеді. Осы аталған жердегі тастарда жылқының басына ұқсайтын бейне сақталған. Аңыз бойынша, бұл бейнелер сол байдың айғырларының басы делінеді. Қамбар ата кешені қазірге дейін халықтың зиярат жасап, тәуап ететін орнына айналған.

Кешен үш бөліктен тұрады. Ауылда Қамбар атаның мешіті бар. Тау бөктерінде «Қамбар атаның әулие ағашы» делінетін ағаш және ауылдан жоғарырақ өзен бойымен өрлегенде жағада жылқының басына ұқсас үлкен қара тас және құлындардың басына ұқсас көлемі жағынан кішілеу екі тас жатады. Үлкен тасты «Қамбар атаның басы», кішкенелерін құлындарының басы деп айтады.

Деректер

Тоқтабай А.У. Қазақ жылқысының тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2010. – 496 б. – 310–311-бб, 316– 317-бб.

Тоқтабай А.У., Сейітқулова Ж.М. Төрттүліктің қасиеті. – Алматы, 2005. – 192 б.

Фотогалерея

Бөлісу