Өртеңжал қорымы

Өртеңжал қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
500 – 1000
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Кішігірім төбешік басында Ертіс-Қарағанды каналынан солтүстік-батысқа қарай 0,3 км, №16 сорғы станциясының шығысында 4 км, Қарағанды-Павлодар автожолынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км, Бөрілі карьерінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км, ЖЭС-тің оңтүстігінде 1,5 км жерде орналасқан. Тастан үйілген бес қорғаннан тұрады.

Қорған 1. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,35м.

Қорған 2. Диаметрі 6,5 м, биіктігі 0.3 м.

Қорған 3. Диаметрі 4,5 м, биіктігі 0,2 м.

Қорған 4. Диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м.

Қорған 5. Диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м.

1991 жылы ҚарМУ қызметкері И.А. Кукушкин ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу