Өгізтау 4 қорымы

Өгізтау 4 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Өгізтау қыстауынан солтүстік-шығысқа қарай 0,5 км, суықсу селосынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде екі су арнасының құрғап қалған сағасының аралығындағы жазық төбе басында орналасқан. Бес тас-топырақты қорғаннан тұрады. №1 қорғанның диаметрі 7 м, биіктігі 0,4 м, ортасында тон аушылықтан қалған шұңқырша бар; №2 қорғанның диаметрі 10 м, биіктігі 0,8 м; №3 қорғанның диаметрі 12 м, биіктігі 0,6 м; №4 қорғанның диаметрі 20 м, биіктігі 0,8 м; №5 қорғанның диаметрі 18 м, биіктігі 0,7 м, қорған табанының периметрі бойынша плиталардан бекітпелер қойылған.

2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу