Мәтен қожа қорымы

Мәтен қожа қорымы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Кезеңі
1801 – 1950
Түрі
Қорым
Түрі
Киелі объектілер

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылынан оңтүстікке қарай 10 км, Қаракөл ауылынан шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан.

Бейіт Тайсойған құмының солтүстік жағында орналасқан және Атыраудың жергілікті халықтары ерекше қастерлегендіктен, мұнда зиярат етушілерге арнап үй (тілеухана) тұрғызылған. Онда қожа-кедей әулетінен шыққан, шырақшы Изимов Нияз Мырзашұлы (1977 ж. туған) отбасымен бірге тұрады.

Мәтен қожаның есімі кейіннен бейіттің некрониміне айналады. Бекет атаның серігі болған ол 1802 ж. осы жерге жерленген. Қорымның негізінен қатты шөккен және шағыл құмдар басып қалған қоршаулар мен үйінділерден тұратын ескі бөлігі орталығында болса, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс бөлігіне жаңа жерлеу орындары түскен. Қорымда оймышты стела-құлпытастардың бірегей үлгілері жақсы сақталған. Осы жерден, қорымның батыс жағынан Мәтен қожаның ескі мешітінің орны анықталды.

2007 ж. қорымды Батыс Қазақстан кешенді этноархеологиялық экспедициясы (БҚКЭАЭ, жетекші С.Е. Әжіғали, отряд басшысы Р.А. Бекназаров) бастамасымен алғаш рет зерттеледі.

Мәтен қожа қорымы – Каспийдің солтүстік аймағындағы қазақтардың отбасылық- әулеттік шағын бейітінен тұратын өзіндік мемориалдық-культтік архитектуралық кешендерінің бірі. Оймышты стела-құлпытастар кешені монументалдық тас қашау өнері тарихы, сонымен бірге аймақтағы мемориалдық араб графикалық эпиграфикасы бойынша өзіндік құнды дерек болып есептеледі.

Дерек

Ажигали С.Е., Бекназаров Р.А. Отчет Западно- казахстанской комплексной этноархитектурной экспедиции 2007 г. (ЗККЭАЭ–2007). – Алматы, 2007.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу