
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Чиндин Александр Юрьевич
Сипаттама
Есіл өзенінің оң жағалауында төбе басында Центральный с. шығысында 2,3 км, Пионер с. солтүстік-батысында 1,7 км, Майзауытынан солтүстікке қарай 0,3 км жерде орналасқан. Қорым тас-топырақтан үйілген төрт қорғаннан тұрады.
Қорған 1. Диаметрі 10 м, биіктігі 0,4 м. Бұл жерден шығысқа қарай тастан үйілген, ұзындығы 25 м екі доға тәріздес тас қалама шығады.
Қорған 2. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.
Қорған 3. Диаметрі 7 м, биіктігі 0,3 м.
Қорған 4. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м (7 сурет).
Ескерткішті 1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.