
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 1000
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Белағаш селосынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 10 км, Майтан елді мекенінде, Майтан су қоймасының бұзылған бөгетінің жанында, Ақсу өзенінің оң жағалауында, Ащысу өзенінің оң жақ сағасында орналасқан. Ескерткіш диаметрі 7 м, биіктігі 0,4 м тас қорғаннан және көлемі 2х4 – 3х4 м, биіктігі 0,5 м сопақша тас қаламалардан тұрады. Қорған сыртқы түріне қарай ерте темір ғасырына, ал тас қаламалар ортағасыр дәуіріне жатады.
Майтан 2 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.