Литвинское I қонысы

Литвинское I қонысы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қоныс
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Есіл өзенінің оң жақ тік жарлы жағалауының бойында, Центральный к. солтүстік-батысында 3,8 км, тригопункттен батысырақ 2,1 км, Есіл к. (Литвинкий) оңтүстік-шығысына қарай 5,5 км, Молодежный-Есіл автожолынан солтүстік-шығысқа 0,6 км, Литвинский І қорымынан оңтүстік-батысына қарай 150 м жерде орналасқан.

Қоныстың алаңы Есіл өзенінің еңісті жоғары жағалауының бойында, жоғары қабаты үйіндіге айналған, тұрғынжайлар табылмаған. Табылған қоныстың ұзындығы 22 м, ені 60 м шамасында. Керамика бұйымдары мен тастан өңделген заттар табылған.

1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу