Кудрявая сопка II қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 0
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Қарғалы өзенінің байырғы оң жағалауында, Қарағайлы к. оңтүстік- шығысында 7,5 км, Есіл демалыс орнынан оңтүстік-батысқа қарай 0,3 км, Колхозное с. солтүстігінде 4 км, Тельман-Оскаров тас жолының солтүстік- батысына қарай 0,7 км орналасқан. Қорым бір қорғаннан және үш қоршаудан тұрады.

Қорған 1. Тас-топырақтан үйілген. Диаметрі 9 м, биіктігі 0,5 м. Үйіндінің табанында ірі өңделмеген тастардан бекітпелер қойылған.

Қоршау 2. Диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м.

Қоршау 3. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,2 м.

Қоршау 4. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.

1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Бөлісу