
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Төбе басында Коллективное с. оңтүстік-шығысқа қарай 9,3 км, Есіл өзенінен шығысқа қарай 200 м, Крещеновка с. солтүстік-батысында 1 км, Жақсы Нияз тауынан оңтүстік-батысында 5,7 км жерде орналасқан.
Қорым 3 қорғаннан тұрады.
Қорған 1 – тас-топырақтан үйілген, диаметрі 10 м, биіктігі 0,5 м, басына тригопункт орнатылған.
Қорған 2 – тас-топырақтан үйілген, диаметрі 11 м, биіктігі 0,3 м.
Қорған 3 – тас-топырақтан үйілген, диаметрі 8 м, биіктігі 0,4 м.
2008 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.