Кенетай қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1399 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Қорым Кенетай өзенінің оң жағалауында орналасқан, Кенетай өзенінің көпірінен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, мұнай базасынан солтүстік-шығысқа қарай 0,6 км жерде.

2 қорғаннан және қоршаулардан тұрады.

Қорған 1- тасты-топырақты үйінді, диаметрі 4 м, биіктігі 0,15 м.

Қорған 3 – тасты-топырақты үйінді, диаметрі 5 м, биіктігі 0,26 м.

2 қоршау дөңгелек пішінде, қырынан таспен қаланған, диаметрі 5 м, биіктігі 0,1 м.

Ескерткішті 1978 жылы В.В.Евдокимовтің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Бөлісу