Есім хан кесенесі

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Кезеңі
1601 – 1700
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Кесене
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстанның тарихи-мәдени орындары мен жалпы зиярат ету орындарының альбомы. – Астана: ҚазМҒЗИ, 2018. – 496 бет.

Сипаттама

Құрылыc жоспар бойынша төртбұрышты бөлмесі бар шағын ғимарат.

Кесененің көлемі 9х9 м. Кесененің негізгі қасбеті портал түрінде жасалған. Қасбеттер геометриялық өрнектермен безендірілген. Кесененің кіреберісі ғимараттың оңтүстік-шығыс қабырғасында орналасқан.

Сағананың өзі кесененің жоғарғы бөлігіне ұқсас келеді: төрт сүйір аркасы жалпақ күмбезді тіреп жатыр. Құрылымның едені төртбұрышты кірпішпен қапталған. Кесененің сақталып қалған бөлігі 2000 жылы қалпына келтірілді. Мамандардың пікірінше, кесенені салу кезінде қолданылған конструктивті әдістер осы аймақта кең таралған қабір құрылымдарының түрін көрсетеді. Қабырғалардың ені кейде 1,2 м-ге жетеді, бастапқыда бұл құрылыстың шатыр немесе күмбез тәрізді өте мықты жабыны болды деп айтуға болады. Кесене біздің уақытымызға дейін қираған күйінде жетті.

Кесенеде Қазақ хандығының ортағасырлық кезеңінің ірі саяси қайраткері Есім хан жерленген деп есептеледі. Ол XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ Хандығының көрнекті саяси қайраткерлерінің бірі болды.

Бүгінгі таңда кесене зиярат ету нысаны болып табылады.



Карта

Бөлісу