Ер Жәнібек мемориалдық кешені

Ер Жәнібек мемориалдық кешені

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы
Кезеңі
1792
Түрі
Кешен
Түрі
Монументтік өнер құрылыстары

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Қалбатау ауылында орналасқан (Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы).

Ер Жәнібек (1714–1792) Абылай ханның бас қолбасшысы, қазақ-жоңғар соғыстарының батыры, Абақ-Керей елінің ұранына айналған ардақты адам. Қандай жағдай болмасын, маңызды саяси мәселеледі шешуде ол әрқашан Абылай ханның оң қолы болып, жанынан табылған. Қазақтың атақты тұлғалары Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек және т.б. оның сенімді серіктері болды.

Аты аңызға айналған батырдың 300 жылдық мерейтойына арнайы келген еліміздің белгілі ақындары өз жырларына жауға қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен қазақ батырларын қосады. ХVІІІ ғ. атақты қазақ қолбасшысының мазарының ашылу салтанатына қазақтың зиялы қауым өкілдері халық жазушысы Ә. Нұршайықов, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Т. Кәкішев, көрнекті ғалым, филолог Т. Шанбай және т.б. көптеген қонақтар қатысады. Бірнеше роман, мақалалар, зерттеулер жинағы жарық көреді.

Батырдың мәңгілік жай тапқан жері – Ортабұлақ ауылының жанындағы биік төбе. Ер Жәнібектің өсиеті бойынша, бір жылға дейін, кейбір әңгімелерде үш жылға дейін, «мені өлді деп айтпаңдар, жауларың басынып кетеді» деген екен. Осы сөздің жаны бар сияқты, себебі қабірінің басына кесек тастар ғана үйілген. Жалпы Шақшақ Жәнібек Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи қорымына жерленген. 2009 ж. меценаттардың күшімен ескі бейітке тиіспей, төбесінің басына кірпіштен ротонда және биіктігі 13 м мұнараны аспанмен таластыра қалап, үлкен ескерткіш қойылады.

Кешеннің дәл ортасына қоладан құйылған (биіктігі 6 м) қолында найзасы бар батырдың мүсіні орнатылған. Екі жағында қасқырлардың мүсіні, ал артында биіктігі 45 м болатын стела орнатылған. Ескерткіштен 30 м жерде Ер Жәнібектің мазары орналасқан. Нысан зиярат ету және туризм орны болып отыр.

Деректер

Ел ұраны – Ер Жәнібек: Зерттеу мақалалары. – Алматы: Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры, 2014. – 284 б.

Ер Жәнібек.Эпикалық шығармалар, тарихи жырлар, романнан үзінді, әңгіме, арнау өлеңдер, мақалалар. – Семей: Талер-Пресс, 2009.– 288 б.

Ер Жәнібек Бердәулетұлы: Тарихи жырлар мен аңыздар. – Алматы: Palitra Press, 2014. – 552 б.

Ер Жәнібек. Эпикалық шығармалар, тарихи жырлар, романнан үзінді, әңгіме, арнау өлеңдер, мақалалар. – Семей: Талер-Пресс, 2009. – 288 б.

Тәукейұлы С. Ақыр Жәнібек. Роман. – Алматы: Абзал-Ай, 2014. – 312 б. Тоқтабай А.У. Қазақ жылқысының тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2010. – 496 б. – 456–457 бб.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу