
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш осы аттас елді мекенде, Қарасу өзенінің сол жағалауында, кішігірім төбешікте орналасқан. Қорым екі тас қорғаннан тұрады. 1 қорғанның диаметрі 6 м, биіктігі 0,7 м. 2 қорғанның диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м. Екі қорған да тонаушылыққа ұшыраған.
Екіқазақ қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.