
Ақпарат
- Орналасуы
- Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
- Кезеңі
- 1917 – 2001
- Түрі
- Мешіт
- Түрі
- Киелі объектілер
- Авторлар
- Маликова Сауле Зейнуллиновна
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
Дін Мұхаммад мешітінің өзіндік тарихы бар. 1881 ж. татар көпестері Д. Бичурин мен В. Янгуразов 1000-нан астам мұсылмандардың өтініштері бойынша екі тас мешіт құрылысына өтініш білдіреді. Өтініш қанағаттандырылып, таяу уақытта қалада тағы екі әдемі тас мешіттер бой көтере бастайды. 1917 ж. қарай қалада ағаштан тұрғызылған үш мешіт және алты тас мешіт болды. Діни мекемелердің ең алғашқысы 1795 ж. салынған. Дін Мұхаммад мешіті мешіттер тізімінде № 5 болып белгіленіп (1917 ж.), 1938 ж. дейін қызмет еткен. Кеңес өкіметі жылдарында Петропавлдағы барлық медреселер мен мешіттер жабылып, жойылған. Мешіт ғимараты басқа қажеттіліктерге пайдаланылып, оның мұнарасы толығымен бұзылды.
1990 ж.ж. қала тұрғындары тарихи, діни мекемелерді қалпына келтіруге атсалысты. 1996 ж. татар-башқұрт діни қауымына мешіт киелі құрылыс ретінде қайтарылады. Сол уақытта ғимарат толығымен қирап, тек бос қабырғалары ғана қалған. Көп ұзамай, Петропавл қаласының Дін Мұхаммад мешітін қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып, ол 1998 ж. аяқталады. Мешіт ретінде 1998 ж. бастап пайдалануға беріліп, мұсылман әдет- ғұрыптарын өткізуге арналған орын және қаланың көрікті жерлерінің бірі болды.
Мешітке осы құрылысты ұйымдастырып, басқарған адамның есімі беріледі. 2001 ж. мешіт мұнарасы қайта қалпына келтіріледі. Шағын дуалмен қоршалған, төбесі жасыл түсті, мұнара, мешіттің жан-жағы ағаштармен қоршалған бір қабатты ғимарат. Мұнда діни- ғұрыптар өткізіліп, жыл сайын Рамазан айында ораза ұстаған мұсылмандарға арнап, ауызашар беріледі. 2013 ж. мешіт Қазақстан мұсылман Діни басқармасының (ҚМДБ) қарамағына кіреді.
Бұл мешіт қаланың сәулет ескерткіштерінің бірі және жергілікті маңызы бар тарихи- мәдени ескерткіш болып табылады.
Деректер
Мамлютова-Бикмухаметова Р.Г. Татары на севере Казахстана (история и современность). – Петропавловск: «Северный Казахстан», 2004. – 202 с.
Петропавл қаласының татар мешіттерінің тарихынан / З. Махмутов // Гасырлар авазы – Эхо веков. – 2008. – № 1.
Религиозные объединения Северо-Казахстанской области: история и современность. Информационноаналитический справочник. / Я.Ф. Трофимов, А.В. Никифоров, О.В. Синяков. – Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2016. – 108 с.
СКГА, ф. 824, оп. 1, д. 7.
СКГА, ф. 2376, оп. 1, д. 55.
СКГА, ф. 2376, оп. 1, д. 60.
Фото из фондов СКГА, ф. 1370, оп. 3, д. 427.