Черниговка қорымы

Черниговка қорымы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 1000
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Нұра өзенінің оң жағалауынан шығысына қарай 0,5 км, Черниговка ауылынан солтүстігіне қарай 7 км, Майоровка ауылынан оңтүстік-шығысына қарай 2,8 км, Киевка-Астана автотрассасынан батысына қарай 4,3 км жерде, шоқының төбесінде орналасқан. Қорым үш қорғаннан тұрады.

Қорған 1. Тас-жер. Диаметрі 25 м, биіктігі 1,5 м. жоғарғы жағында тригопункттен іргетас белгіленген. Қорғанның айналасында ені 3 м-ге дейін сақиналы арық бекітілген. 

Қорған 2. Тас. Диаметрі 10 м, биіктігі 0.3 м. 

Қорған 3. Тас. Диаметрі 9 м, биіктігі 0.3 м.

Ескерткішті 2009 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу