«Бұйра төбе» (»Кудрявая сопка») I қорғаны

«Бұйра төбе» (»Кудрявая сопка») I қорғаны

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Оба
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Қарағайлы с. батысына қарай 7,7 км, Есіл демалыс орнынан батыс-солтүстік-батысына 1 км, Тельман-Оскаров тас жолынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км, Кольхозное с. солтүстігіне қарай 4,5 км жерде орналасқан.

Қорған жазық алаңда орналасқан, солтүстік және батыс бағыттарында күрт еңісті болып келеді, диаметрі 11 м, биіктігі 1,2 м топырақтан үйілген. Үйінді табанында ірі өңделмеген тастардан бекітпелер қойылған. Солтүстік жағында дөңгелек пішінді ірі өңделмеген тастардан диаметрі 4 м жол- жоралық қоршау да орнатылған.

2007 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу