
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 1499 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Чиндин Александр Юрьевич
Сипаттама
Қарағайлы с. батысырақ 7 км, Колхозное с. солтүстігінде 5 км, Есіл демалыс орнынан солтүстік-шығысқа қарай 500 м, Тельман-Осакаров автожолының солтүстік-батысында төбе басында орналасқан.
Қорым тегіс келген қорған тәріздес ірірек тастардан бекітпелер қойылған алты құрылыстан тұрады. Сонымен бірге тас қоршаулары да бар.
Қорған 1. Тастан үйілген. Диаметрі 4,5 м, биіктігі 0,4 м.
Қорған 2. Тастан үйілген. Диаметрі 3 м, биіктігі 0.2 м.
Қорған 3. Тастан үйілген. Диаметрі 7 м, биіктігі 0.4 м.
Қорған 4. Тастан үйілген. Диаметрі 7 м, биіктігі 0.5 м.
Қорған 5. Тастан үйілген. Диаметрі 8 м, биіктігі 0.4 м.
Қорған 6. Тастан үйілген. Диаметрі 3,5 м, биіктігі 0.2 м.
Қоршаулар төртбұрыш пішінді, көлемі 4х4 м, қырынан қойылған плиталардан қаланған.
1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.