Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Шет ауданы
- Кезеңі
- 5000 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қоныс
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Маргулан Алькей Хаканович
Сипаттама
Ескерткіш Қарағанды қаласынан 81 км оңтүстікке және Ақсу аюлы ауылынан 48 км солтүстік-батысқа қарай табылды. Қоныс Бұғылы тауының шығыс етегінен ағып өтетін Шопа таулы өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныстың көлемі шамамен 7 га құрайды. Шамамен 100 құрылыстың қалдықтары сақталған, олардың жартысынан көбісі тұрғын жай. Бұғылы І қонысының топографиялық ерекшелігін оның айқын екі бөлікке бөлінетіні құрайды: оңтүстіктік, ежелгілеу (неолит) және солтүстіктік, соңғы пайда болған (қола ғасыры). Қоныстың оңтүстік бөлігіндегі барлық тұрғын жайлар иінді бұрыштары бар, жоспарда доғал немесе тік бұрышты бір бөлмелі. Жертөле көлемі 120-дан 300 м2-ге дейін. Солтүстік бөлігі көп бөлмелі үй- жайларымен, сонымен бірге топографиялық жоспардың тығыздығымен ерекшеленеді.
1955 жылы Ә.Х. Марғұлан жетекшілігіндегі Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен ашылды.
Әдебиет:
- Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1966. – 436 с.
- Варфоломеев В.В., Кукушкин И.А., Кукушкин А.И., Мәкен Ә.Б., Дмитриев Е.А., Әлкей Е.А., Шохатаев О.С. Қарағанды облысы Шет ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2018. – 175 б.