Ботақара обасы

Ботақара обасы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Оба
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Сенокосное селосынан оңтүстікке қарай 2,5 км, Петровка селосынан батысқа қарай 3 км жерден көрініс береді. Қорған солтүстік жақтан Нұра өзенінің сол жағалауы мен оның арнасы аралығындағы қыратта орналасқан. Қорған топырақ үйіндісінен құралған, оның биіктігі – 3 м. Сақталып қалған көлемі – 24,5х28,5 м. Қорғанның батыс жағы мелиоративті су жинақтау құрылысынан бұзылып қалған. Қорғанның бас жағында диаметрі 3 м-ден асатын, тереңдігі шамамен 1 м ойпат пен геодезиялық белгінің темір тірегінің қалдықтары бар. Қорғанның айналасында ені шамамен 4 м, тереңдігі шамамен 1 м шұңқыр орналасқан. Шұңқырдың диаметрі сыртқы өлшеммен шамамен 40 м болады.

Есерткішті 1947 жылы Ә.К.Марғұлан ашқан. 1984 жылы (В.Г.Ломан) және 2009 жылы (В.В. Варфоломеев) зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу