
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 500 – 1000
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Керей өзенінің сол жағалауынан батысқа қарай 1 км, Құсмұрын қыстағынан солтүстік-батысына қарай 1,1 км, Шаймерден қыстағынан оңтүстік-батысына қарай 1,5 км жерде, шоқының төбесінде орналасқан. Қорым тас үйіндісі бар 2 қорғаннан тұрады. Қорған 1 диаметрі 16 м, биіктігі 0,5 м. Төбесінде оба орнатылған. Оңтүстік-шығыс бөлігінде өлшемі 3х2 м, тереңдігі 0,3 м дейін болатын тонаушылық шұңқыр анықталды. Қорған 2 диаметрі 9 м, биіктігі 0,2 м.
Ескерткішті 2009 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.