
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Бесінші лиман қорымы Керней селосынан солтүстікке қарай 7 км, Төртінші лиман қорғанынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 м, Бесінші лиман бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 700 м жерде орналасқан. Ескерткіш екі тас қорғаннан
тұрады.
1 қорғанның диаметрі 8 м, биіктігі 0,2 м.
2 қорғанның диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м. Қорғандардың солтүстік жағында көлемі 2х3-4х5 м, биіктігі 0,5 м-ге жететін сопақша пішінді алты тас қаламадан тұратын ежелгі қазақ бейіттері орналасқан.
Бесінші лиман қорымын 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.