
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 500 – 800
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Ғұрыптық кешен
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Белағаш қоршауы Белағаш селосынан оңтүстікке қарай 2 км жерде, Қарасу өзенінің оң жағалауында батысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Ескерткіш қоршаулар мен қаламалар түріндегі тас құрылыстардан тұрады. 1 құрылыс – тігінен гранит плиталардан қаланған төртбұрышты тас қоршау, жоғарғы қабаттан 0,05-0,15 м шығып тұрады. Қоршаудың көлемі 2,5х2,5 м. 2 құрылыс - тігінен гранит плиталардан қаланған төртбұрышты тас қоршау, жоғарғы қабаттан 0,1-0,15 м шығып тұрады. Қоршаудың көлемі 3х3 м. 3 құрылыс - тігінен гранит плиталардан қаланған төртбұрышты тас қоршау, жоғарғы қабаттан 0,1-0,2 м шығып тұрады. Оңтүстік-шығыстағы қабырғасының ұзындығы – 2,5 м, солтүстік-шығыс қабырғасы – 1,1 м. Басқа қабырғалары сақталмаған. 4 құрылыс – сопақша пішінді ұсақ тастар мен плиталардан қаланған қоршау. Оның көлемі – 6х5 м. Қабырғаларының биіктігі – 0,15 м-ден аспайды. Қабырғаларының ені – шамамен 1 м. Ішкі жағы тастардан тазартылған. 5 құрылыс – диаметрі шамамен 2 м, биіктігі 0,1 м тас қалама. 6 құрылыс – диаметрі шамамен 3 м, биіктігі 0,15 м тас қалама. 7 құрылыс – диаметрі шамамен 3 м, биіктігі 0,15 м тас қалама.
Ескерткішті 2007 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ САИ баралу тобы ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.