Ақпарат
- Орналасуы
- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
- Кезеңі
- 1701 – 1900
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым, Кешен
- Түрі
- Ансамбльдер мен кешендер
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы/- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008.
Сипаттама
Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінен батысқа қарай 4 км жерде 120х80 м аумақты алып жатқан қорым. Құрамында күмбезді 3 қорхана, көрнекті 12 сағанатам, 2 сандықтас және 100-ден астам алуан түрлі шағын құлпытас, қойтас, үштас, төрттас, бестас, құлпытастардың басқа да дәстүрлі типтері бар. Қорымның орталығында орналасқан 2 күмбезді көрхананың (19-20 ғғ.), 2 күмбезді сағанатамның (20 ғ.) архитектуралық-көркемдік маңызы зор. Күмбезді көрханалар, сағанатамдар мен шағын құлпытастар жергілікті дәстүр бойынша және белгілі техникалық нұсқалармен ойылып, соңынан табиғи бояулармен өрнектелген. Ою-өрнектің нұсқасы көгілдір ою-өрнек мотиві, зооморфтық, геометриялық, космологиялық, тұрмыстық және т.б. тақырыптар негізінде жасалған.