Басқұдық-1 ғибадатханасы

Басқұдық-1 ғибадатханасы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Кезеңі
400 б.з.д. – 101 б.з.д.
Түрі
Ғибадатхана
Түрі
Археология ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Ақтау қаласының жаңа құрылыстарынан солтүстікке қарай 3 км жерде, жергілікті ландшафтан биігірек төбеде орналасқан (Маңғыстау облысы).

Тастан қаланған орташа көлемдегі дөңгелек келген ғұрыптық құрылыс. Бастапқы диаметрі – солтүстіктен оңтүстікке қарай 9,2 м, шығыстан батысқа қарай 9,6 м. Іргесінің сыртқы қабырғалары орташа көлемді тақта тастардан көлденең қалау әдісімен ешқандай дәнекерлегіш сұйықтықсыз қаланған. Қаланды шамамен 0,5 м биіктікке дейін сақталған.

Ішкі бөлме крест тәріздес келген. Ішкі бөлмелер жобасында ол баста дромос түріндегі кіреберіс дәлізбен жалғасқан. Солтүстік, солтүстік- шығыстан – оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай бағыттағы дәліздің ұзындығы 4,8 м. Солтүстік бөлігінде сәл кеңейеді. Дәліздің ені –оңтүстік бөлігінде 0,8 м, солтүстік бөлігінде – 1,3 м. Бүйір бөлмелер дәлізден симметриялық шығыңқы жер – «контрфорстармен» бөлінген. Кіреберіс өткелдер ені 1,0 және 1,15 м, шығыңқы жерлердің – «контрфорстардың » қалыңдығы 0,7–0,9 м аралығында. Бөлмелер жобасында кескіні мен өлшемі бойынша сәл өзгеше, дегенмен екеуі де сопақ тәрізді. Бөлмелердегі ежелгі қабатты кемірушілер қатты зақымдаған, онда адам сүйектерінің бөліктері мен қыш ыдыс сынықтары кездеседі. Ішкі бөлмелерді қазу барысында артефактілердің үлкен жиынтығы алынды, олардың негізгі үлесін қыш ыдыс сынықтары құрайды. Барлығы – шамамен 50 ыдыс. Олар өлшемдері бойынша әр түрлі болғанымен (3–4 көлемінде), пішіндері жағынан бір түрде.

Бұл ғибадатханалар табыну үшін жасалған және белгілі бір отбасы мен рулардың ата-бабаларына, ежелгі этно- әлеуметтік топтардың көсемдеріне табынатын орындары болуы мүмкін. Бәлкім, әр руда өзінің қасиетті орны мен өзінің ғибадатханасы болған. Ғибадатхана өлшемі рудың қоғамдағы орнына сәйкес болуы да ықтимал.

Республикалық маңызы бар археология ескерткіші. Туризм нысаны.

Деректер

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. – Өскемен: AsT prime, 2012. – 598 б. – 48–49-бб.

Онгарулы А., Ольховский В.С., Астафьев А., Дарменов Р. Древние святилища Устюрта и Восточного Приаралья. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2017. – 320 с.

Самашев З., Кушербаев К., Аманшаев Е., Астафьев А. Сокровища Устюрта и Манкыстау. – Алматы: Археология, 2007. – 400 с.

Фотогалерея

Бөлісу