
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қоныс
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Байқадам селосынан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 4,7 км, Қарағанды- Павлодар автожолынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,4 км, Ертіс-Қарағанды каналы мен тасжолының қиылысынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде. Ескерткіш сырға талдар өскен белгісіз бұлақтан солтүстік-шығысқа қарай жазық төбе басында орналасқан. Шамамен 1,5 мың шаршы м аумағында керамикалық ыдыстардың сынықтары кездеседі. Андронов-федоров үлгісіндегі керамика бұйымдарының сынықтары мен жануарлардың уатылған сүйектері бар шурф орналасқан.
2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.