Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Чиндин Александр Юрьевич
Сипаттама
Биік төбе басында Есіл с. (Литвинский) батысына қарай 11 км, Озерное с. солтүстік-батысында 6,3 км, Оскаров к. солтүстігіне қарай 16 км, Есіл өзенінің солтүстігінде 1 км жерде орналасқан.
Қорым тастан үйілген бес қорғаннан тұрады.
Қорған 1. Диаметрі 40 м, биіктігі 2 м. Төбесінде геодезиялық белгі орнатылған. Жан-жағында ені 5 м шұңқырлар көрініс береді.
Қорған 2. Диаметрі 10 м, биіктігі 0,6 м.
Қорған 3. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.
Қорған 4. Диаметрі 7 м, биіктігі 0,4 м.
Қорған 5.Диаметрі 20 м, биіктігі 1,1 м (5 сурет).
1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.