
Ақпарат
- Орналасуы
- Түркістан облысы, Созақ ауданы
- Кезеңі
- 1850 – 1900
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, Монументтік өнер құрылыстары
- Авторлар
- Ёлгин Юрий Андреевич
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
Кесене осы аттас ауылдың шетіндегі ежелгіқаланың цитаделінде орналасқан. Баб Ата депаталатын бұл көне қала қирандысы Х ғ. арабдеректерінен белгілі Баладж қаласымен баламаланады. Осы заманғы зират та осы жердеорналасқан.
Мешіт-кесене бүкіл түркі әлеміне белгіліболған қасиетті Ысқақ баб рухына арналыптұрғызылған. Ел ішінде оны Баб Ата деп те атайды. Пір тұтатын бабалар есіміне тыйым салынатын ежелгі дәстүр бойынша осылай айтылады (Р.М. Мұстафина). Бірақ осы әулеттікесімде халықтың дананы шексіз ардақ тұтусезімі сезіледі. Ысқақ баб жайлы түрлі аңыздарсақталған. Солардың бірін өткен ғасырдыңбасындағы археолог И.А. Кастанье жазыпалған. «Аңыз бойынша VІІІ ғ. екінші жартысында Схақ баб (Ысқақ баб. – автор) сол замандаЙеменді билеген бауыры Әбдіжәмілмен бірге360 араб көсемдерінің бастауымен 150 мыңәскерді бастап, солтүстікке қарай қозғалады.Олар Бағдат, Исфахан, Серахс, Балх, Бұхара,Шахрисябз, Самарканд, Үзкент, Қасан жәнеОшта соғысып, Ферғананы бағындырып ондаисламды орнатады. Осыдан кейін әскер үшкебөлінеді. Схақ баб үшінші әскерді бастап,Сырдарияның оң жағалауымен Шаш, Испиджаб(Сайрам) бағытында жол тартады. Ташкентті алып, онда Бекар әд-Дин Кафалиді имам етіпқойғаннан кейін, Схақ баб сол кезде 160 мыңүй мен 30 мың бақтан тұратын Сайрамға тапбереді. 300 күнге созылған қоршаудан кейін Сайрам беріледі. Осыдан кейін Қарғалығабет бұрған Схақ баб жол-жөнекей Ходженттіңтүбінде бауыры Әбдіжәлілдің өлтірілгеніжайлы хабарды естиді. Әскерін кері бұрғанол Ходжентті алып, оның патшасы Өтемістіөлтіріп тұрғындарын исламға қаратады».Бұдан әрі И.А. Кастанье былай деп жазады: «Содан кейін жан тынысы қажеттілігінсезінген Схақ баб Меккеге қажылық жасайды. Одан Сайрамға оралған қажы 30 мың ділдаға(тильлла) Меккеге барғанда өз көзімен көргенүлгі бойынша әйгілі Жұмбыр мешітін салдырады. Әскери өмірдің ауыртпалығынан қажығанСхақ баб қалған ғұмырын бейбіт еңбекке арнайды. Бауырын ну қаптаған Қаратаудыңбаурайындағы мөлдір бұлақтың жағасындағытабиғаты тамаша қойнауды таңдап, сол жерге сарай тұрғызып қол астындағы халқын ұзақжылдар бойы кемеңгерлікпен басқарыпты».
Осы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқаларыел ішінде кең тараған. Аңыздың кейінгінұсқаларының бірінде Ысқақ баб Қаратаудыңбаурайында өмір сүрген қазақтардың арасында исламды бекіту үшін күрескен. Бұрынғы іс-әрекет тәсілін өзгертіп, ол осы жерге өзінің өкіліретінде қазақтан шыққан қолбасшы Баба түктіШашты Әзизді тағайындайды. Ысқақ бабтыңбеделін пайдаланған ол қаратаулық қазақтардыешқандай әскери әрекетсіз, таза уағыздауарқылы исламға қаратқан (Р.М. Мұстафина).
Соңғы екі онжылдықта шығыстанушызерттеушілер аңызда айтылатын оқиғалардысаралап жаңа толықтырулар жасайды. ХVІІІ–ХІХ ғ.ғ. жазылған түркістандық қожаларшежіресі бойынша Ысқақ бабты тамырыедәуір арыдан басталатын шежірелік тарихитұлғамен теңдестіру әрекеті жасалынады. Ол бойынша Ысқақ баб жетінші имамның буыныжәне төртінші халифа Әлидің және бесіншіМұхаммед ибн әл-Ханафия (700 ж. қайтысболған) атты баласының ұрпағы болып табылады. Түріктер еліне сириялық қала аш-Шамнан 767–768 ж.ж. Хорасан–Ферғана–Шашбағытымен 50 мың қолды бастап келген (аңызбойынша бұл цифр 150 мыңға дейін өсіріліпайтылады). Оңтүстік Қазақстан өңірі менТашкент алқабының көптеген әулиелерініңшежірелік тамыры Ысқақ бабпен байланысты. Арыстан баб/Арслан баб, Қожа Ахмед Ясауи,Қарға баб, Лашын баб, Домалақ ана/Нұриләана т.б. – Ысқақ бабтың тікелей ұрпақтары саналады (А.К. Муминов, И.В. Ерофеева). Ысқақбаб 120 жыл жасаптымыс (Сафи ад-ДинҚойлақы). IX ғ. өмірден өткен. Оның моласына бару пайғамбарлардың қабіріне мінәжатетумен бірдей саналады. Кешеннің Қаратаудыңбаурайындағы тамаша табиғат саясында орналасуы, әулиеге сиынудың табиғат культімен байланысты екендігін растайды.
Ескерткішті алғаш И.А. Кастанье сипаттап (1910 ж.) жазады. Тарихи-архитектуралық ескерткіш ретінде алғашҚазақ КСР-і ҒА ОҚАЭ-ның маманы Г.Г. Герасимов (1947 ж.) зерттеді. 1981–1983 ж.ж.Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігіне қарасты«Қазақ жобалауқалпына келтіру» институты тарих пен мәдениет ескерткіштерін құжаттаубарысында зерттеу жүргізеді. Қазақстанныңтарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағынаенген (Г.М. Камалова). 1990–2010 ж.ж.аралығындағы шежірелік және агиологилықтұрғыдағы зерттеулер бойынша Ысқақ бабтұлғасына тарихи теңестіру жасалынады(Р.М. Мұстафина, З. Жандарбек, А.К. Муминов, И.В. Ерофеева, Девин ДиУис және т.б.).
Ысқақ баб мешіт-кесенесі кешенінің дәлқай уақытта салынғандығы туралы ешқандаймәлімет жоқ. Аңыздың желісі бойыншаЫсқақ баб өз сарайының маңына жерленген. Бастапқыда «тас үйшік» тұрғызылған дегенмәлімет ашық аспан астындағы жерлеу қабірініңүстіне салынған сағана жайлы айтылған болсакерек. Кейіннен салынған мемориалды кесенеуақыт өте біртіндеп бұзылған. Қазіргі тұрғанкешен Р.М. Мұстафинаның тұжырымы бойынша 1820–1830 ж.ж. тұрғызылған. И.А. Кастаньесоңғы кешенді 1902 ж. салынған деп көрсетеді.Архитектуралық стилі және тарихи жағдайтұрғысынан қарағанда кешен 1870–1880 ж.ж.арасында тұрғызылған деген болжамды елішінде жүргізілген сауалнама нәтижелері растайды.
Ғимарат (көлемі – 24,42×13,25 м,биіктігі – 14,59 м) төрт бұрышты күйдірілгенкірпіштерден әктіғаныш ерітіндісімендәнекерленіп қаланған. Жоспарын белгілеукезінде ғимараттың ұзындығы мен енініңкомпозициясы ескерілген. Дегенмен оныңбөлмелері тікбұрышты оңтүстіктен солтүстіккесозылған, бір түзудің бойында түйіспейтінсыртқы қабырғалармен шектелген. Порталдыкүмбезді (портал құрылысы бітпеген) бұлқұрылыс аркалы желкендерге орналасқанкүмбезбен жабылған. Жоспары бойыншатөртбұрышты кең мешіттен, сфероконустыкүмбезбен жабылған және төртбұрыштыкөрхана мен оған жалғасқан қорапты сүйіркелген күмбезбен жабылған зияратханадантұрады. Сыртқы келбетінде ешқандай өрнектерболмаса да, сегіз қырлы барабанға орнатылғанбояусыз күмбезі мен үлкен көлемі өте қаттыәсер қалдырады. Ғимарат қоршаған ортаменкеремет үйлесім тапқан. Зияратхананың іші жапсырмалы бедерлі өрнекпен безендірілсе,мешіттің ішкі қабырғалары әшекейленген.
Республикалық маңызы бар сәулеттікескерткіш. 1982 ж. бастап мемлекет қорғауында.Мінәжат ету және діни туризм нысаны.
Деректер
Аш М. Исхак-Баб // Ислам на территории бывшей Российской империи: Энциклопедический словарь. – М.:ИВЛ, 2001. – Вып. 3. – С. 163.
Герасимов Г.Г. Памятники архитектуры Каратау // Известия АН КазССР. Сер. архит. − 1950. − Вып. 2. − №80. − С. 53–82.
Ерофеева И.В. Родословные казахских ханов и кожаXVIII–XIX вв. (История и историография, источники). – Алматы: ТОО «Print-S», 2003. – 178 с.
Исламизация и сакральные родословные в Центральной Азии: наследие Исхак-Баба в нарративной и генеалогической традициях. – Алматы: Дайк-Пресс,2008. – Т. 2:
Генеалогические грамоты и сакральные семейства: насабнама и группы ходжей, связанных с сакральным сказанием об Исхак-Бабе в XIX–XX веках. – 368 с.
Камалова Г.М. Мечеть-мавзолей Баба-ата // Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алма-Ата: Гл. ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – Т. 1: ЮКО.– 368 с. ‑ С. 238–239.
Кастанье И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. – Оренбург: Т-во Каримов, Хусаинов и К,1910. – 327 с. (ТОУАК, вып. XXII).
Муминов А.К. Шиитские культурные влияния на Центральную Азию: На примере деятельности ‘алидов// Ars Islamica: в честь С.М. Прозорова / сост. и отв.ред. М.Б. Пиотровский, А.К. Аликберов. – М.: Наука–ИВЛ, 2016. – С. 647–728.
Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – Алма-Ата: Қазақ университеті, 1992. – 176 с.
Сафи ад-Дин Орын Қойлақы. Насабнама. – Туркістан,1992. – 43 б.