Әубәкір 3 қорымы

Әубәкір 3 қорымы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Әубәкір қыстағынан солтүстік-шығысына қарай 0,8 км, электр тасымалдау желісінен солтүстігіне қарай 0,5 км жердегі Керей өзенінің сол жағалауында, салыстырмалы биік жерінде орналасқан. Қорым қорғаннан және 3 қоршаудан құралған. Қорған диаметрі 30 м, биіктігі 3 м болатын топырақ үйіндісіне ие. Қорғанды айнала ені 2 м дейін, тереңдігі 0,3м болатын сақиналы ор көрінеді. Қоршаулар бүйіріне жатқызылған плиталардан және етпетінен орнатылған тастардан құралған тік төртбұрыш пішінге ие. Өлшемдері 3х4 тен 4х6 м дейін.

Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу