Әубәкір 1 қорымы

Әубәкір 1 қорымы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
1799 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Әубәкір қыстағынан оңтүстік-батысына қарай 0,7 км, Шәймерден қыстағынан солтүстігіне қарай 2,5 км, электр тасымалдау желісінен батысына қарай 0,4 км жерде, Керей өзенінің сол жағалауының үшінші аңғарында орналасқан. Қорым 2 қорғаннан және 5 қоршаудан тұрады. Қорған 1 диаметрі 17 м, биіктігі 1,5 м топырақ үйіндісінен тұрады. Қорған айналасының ені 2 м дейін, тереңдігі 0,3 м болатын сақиналы ор бар. Қорған 2 диаметрі 18 м, биіктігі 1,5 м топырақ үйіндісінен тұрады. Қорған айналасының ені 3 м дейін, тереңдігі 0,3 м болатын сақиналы ор бар Қоршаулардың бүйіріне жатқызылған плиталардан құралған диаметрі 3-тен 5 м-ге дейін, биіктігі 0,2м құрайтын шеңбер пішініне ие.

Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу