
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Жартас өзенінің сол жағалауынан 300 м, Ақжар (Жартас) су қоймасының бөгетінен оңтүстік-батысқа қарай 1,2 км жерде орналасқан. Тас қорғаннан және екі сопақша тас қаламадан тұрады. Қорғанның диаметрі 7 м, биіктігі 0,6 м. Тас қаламалардың көлемі 2х3 м, биіктігі 0,3 м.
Ақжар 2 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.